Біздің фирма 1992 жылдан бастап Гамбург маңындағы, Аппен қаласындағы кеңсемен тәуелсіз жеке жөнелтуші тәрізді әрекет етіп келеді. Біз бүкіл дүниежүзінен келетін әртүрлі жүктердің Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне барлық көлік түрлерімен тасымалдануын ұйымдастырамыз және жүзеге асырамыз. Алайда, біздің компания жүк машиналарды толтырып, қарапайым тасымалдау түрімен ғана шектелмей, өз тапсырыскерлеріне шоғырландырылған жүк логистикасы бойынша үздік әрекет жасайтын қызметін, тауарды құрамдастырылған түрдегі көлікпен жеткізу бойынша тартымды шешімдерін ұсынады.
Температуралық тәртіптемесі бар жүктер мен қауіпті жүктерді (ADR) автокөлікпен жеткізу сияқты, арзан контейнерлік және вагондық тасымалдар да біздің қызметіміздің аясына кіреді. Қарамы үлкен жүктерді тасымалдау саласындағы ең күрделі логистикалық тапсырмаларды орындауда, және жеткізудің, сақтандырудың және кедендік рәсімдеудің ұтымды желілерін әзірлеуге қатысты ірі жобаларды жүзеге асыруда тәжірибеміз мол. Біздің фирманың негізгі мамандық салаларының бірі – Батыс Еуропадан Орталық Азия елдеріне жеңіл автокөліктерін жеткізу болып табылады. Біз жүзеге асыратын барлық тасымалдар жаһандық сақтандыру полисі арқылы сақтандырылған. Сақтандыру бойынша біздің компанияға қолдау көрсететін фирма - SPEDITIONS-ASSEKURANZ Versicherungsmakler GmbH, Hollenstedt болып табылады.
Біздің қызметкерлеріміздің жоғарыда айтылып өткен бағыттарға жүк тасымалдауда үлкен көпжылдық тәжірибелілігіне байланысты, біз әртүрлі өндірістік саладағы тапсырыскерлеріміздің жеке тілектерін жылдам әрі икемді орындауға дайынбыз.